Жаңалықтар

ЖОСПАР МЕН ТОСТАР

ЖОСПАР МЕН ТОСТАР

«Жоспар! Жоспар! Жоспар!» – деп, Алынып жатты тостар көп. Әрбір пункт, әр тарау Табыстарға бастар деп. Ұзамай жоспар бұзылды, Үсті-үстіне сызылды. Айыл-тартпасы бос екен, Желмей, жортпай, үзілді. Үшіншісі бөздей сөгілді, Арам терлер төгілді. Жоспар мен тостар қабыспай, Өгізге арба жегілді. Тұлпар түгіл Тұғыр жоқ. Қаймақ түгіл Жұғын жоқ. Шона СМАХАНҰЛЫ.