«bilim ortalygy» алғаш біздің ауданда ашылды
«bilim ortalygy» алғаш біздің ауданда ашылды
Елбасы-Партия Төрағасының мемлекеттік реформалары мен стратегиялық жоспарларын іске асыруда нұротандықтарға жүктелер жауапкершілік жоғары. Себебі, шын мәнісінде халықтың партиясы екенін іс жүзінде дәлелдеген «Нұр Отанға» жұрт үлкен сенім артады. Қалай да құрылғалы бергі жиырма жылдың ішінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, азаматтардың әл-ауқатының бұдан да әрі өсуіне атсалысқан саяси партияның әр істің басы-қасында жүргенін қалайтыны сондықтан. Басқару және тағы бірқатар ішкі партиялық жұмыстарды қайта жаңғыртудың арқасында былтыр нұротандықтар қатары толығып, бастауыш партия ұйымдары нығая түсті. Бұл өз кезегінде ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына өзіндік серпін берді. Мәселен, бүгінгі күні партияның аудандық филиалында 20 бастауыш ұйым болса, оларда 132 топ, 5288 партия мүшесі бар. Партия қызметінің нығая түсуін мынадан да байқай аласыз. 2018 жылдың 562 азамат партия қатарына қабылдауды сұрап, өтініш берді. Олардың ішінде білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласының өкілдері және кәсіпкерлер, мекеме-ұйым қызметкерлері мен қарапайым жұмысшылар бар. Мұны партияның ХІІ съезіндегі «партия қатарына азаматтарды тартуда сан қуудың қажеті жоқ, сапалық жағына мән берілуі керек» деген тапсырманың іс жүзіндегі көрінісі дей аламыз. Биыл Жастар жылы болғандықтан, қатарымызға жастардың қосылып жатқаны қуантады. Статистикаға көз жүгіртсек, қазір аудандағы нұротандықтар қатарының 30,1 пайызын 30 жасқа дейінгілер құраса, 33,7 пайызы – 30 бен 40 жас аралығындағылар. Бұл – партия мүшелерінің құрамы жыл өткен сайын жасарып келе жатқанын көрсетеді. «Нұр Отанға» деген жастардың көзқарасы оң екендігін аңғартады. Былтыр біздің аумақтық филиалда партия конференциясының – 3, Саяси кеңесінің 1 және Саяси кеңес бюросының 8 отырысы өткізіліп, онда ауқымды мәселелер күн тәртібіне қойылды. Аталған отырыстарда қабылданған қаулылар тұрақты бақылауға алынып, олардың орындалуы жіті назарға алынды. Сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын жандандыру мақсатында 13 семинар-кеңес ұйымдастырып, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларын, Саяси кеңесі мүшелерін арнайы әдістемелік көмек материалдармен қамтамасыз еттік. Барлық бастауыш партия ұйымы төрағасы, 38 партияның белсенді мүшесі жоғары партия академиясында біліктілігін арттырып, арнайы сертификат алды. Бұл – бастауыш ұйымдардың рөлін күшейту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар. Қолға алған нақты шаралардың арқасында қазіргі таңда аудандағы бастауыш партия ұйымдарының бәрі 100 пайыз жеке кабинеттермен қамтылған. Материалдық-техникалық базасы нығайтылған. Бұл іске партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Б.Қазанбасов ерекше қолдау көрсетіп отыр. Бастауыш партия ұйымдарына билік партиясының бағдарламалық мақсат – мүдделері мен партияның орталық, аймақтық және аумақтық органдармен (аппаратының) шешімдерін тұрғындар арасында түсіндіру, олардың жүзеге асырылуына тікелей атсалысу, партия қатарын нығайту және оның жарна арқылы қаржылық жағдайын қамтамасыз ету сияқты, маңызды мәселер жүктелген. Осы міндеттерді орындауда «Қаратөбе» (төрайымы Мөлдір Қырықбаева), «Гродеково» (төрайымы Бүбіпатима Берсенқұлова), «Аурухана» (Елемес Тәжікеев) және «Орталық» (төрайымы Назира Шалбаева), «Қарой» (төрағасы Дінеш Мамыралиев) секілді бастауыш партия ұйымдары ілкімді істерімен танылып жүр. Осымен төртінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған «Үздік бастауыш партия ұйымы» атты республикалық байқауда жүлдегелер қатарынан көрінгендері де бар. Мәселен, конкурстың облыстық кезеңінде 2016 жылы «Жетітөбе» ұйымы 2-орынды иеленіп, компьютер, 2017 жылы «Қаратөбе» осы межеден көрініп, 50 мың теңгенің арнайы сертификатын алған. Осы «Жетітөбе» бастауыш ұйымы былтыр да 2-орынды еншілеп, ноутбукқа ие болды. Осы жеңіс басқа бастауыш партия ұйымдарын ынталандыра түсті десем, артық айтқандығым емес. Партияның ел ішіндегі беделін арттыру, басқа да саяси күштер арасындағы имиджін көтеруде аудандық филиалдың өткізіліп келе жатқан қоғамдық-саяси және бұқаралық шаралардың алар орны бөлек. Мәселен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында филиал жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы мен белсенді мүшелері, аудан жастары қарттардың үй шаруашылығына көмектесіп тұрады. «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында 1 маусым – Балаларды қорғау күнінде ауданымыздағы балабақшалардан жасақталған 11 команданың қатысуымен «Біз чемпион боламыз» атты аудандық спартакиада өткізілді. Сондай-ақ аудан орталығында партияның депутаттық фракция мүшелерінің қолдауымен «Асфальтқа сурет салу» байқауында өнер көрсеткен 300-ден аса балаға тегін балмұздақ таратылды. Бұл дәстүрлі шараларды 2015 жылдан бастап жүзеге асырып келеміз. Сонымен қатар жоба аясында былтыр «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы ұйымдастырылып, партия тарапынан аудан көлеміндегі жағдайы төмен отбасылардың 44 балаласына мектепке арналған құрал-жабдықтар мен спорттық және классикалық үлгідегі киім-кешектер алып бердік. Нұротандықтар партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуына жағдай жасауда. Ауданымызда 1000-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, соның 100-і еңбек етуге қабілетті. Сондықтан соларға қолдау көрсету мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, өтініш берген 90-ға жуық тұрғынның 15-інің тұрақты жұмыс табуына ықпал еттік. Жаңғыруға бағытталған шаралар бүгінде жұмыс ауқымы мен бағытын өзгертіп, партиялық жобалар санын 20-ға арттырып отыр. Соның бірі – «Қазақстанның кітапханалары» жобасы. Осы жоба шеңберінде ауданда «Bilim оrtalyǵy» ашылды. Айша бибі ауылында іске қосылған орталықта «күніне кемінде 30-40 жас тегін интернет ресурсын пайдалана алады. Дәл осындай орталықты аудан орталығынан ашып, партияның 20 жылдығына тарту етуді жоспарлап отырмыз. Былтыр Аса ауылындағы Ю.Гагарин атындағы орта мектепте ІТ сынып ашылған болатын. Онда 200 оқушы тегін білім алды. Партияның тағы бір «English for zastar» партиялық жобасы шеңберінде Қарасу ауылдық округіндегі Қ.Сартбаев атындағы орта мектеп және Аса ауылындағы «Жастар ресурстық орталығы» ғимаратынан орталық ашылып, 150 оқушы тегін ағылшын тілін меңгеріп шықты. Күні кеше тағы 80 оқушы арнайы тесттен өтіп, 2 айлық тегін курсқа қабылданды. Сол сияқты «Мектеп асханаларын жандандыру», «Бірыңғай спорт алаңшалары» «Е-құжат», «Е-ақпараттық жүйелер» сынды партияның пәрменді жобалары барлық ауылдық округтерде жүзеге асырылатын болады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты да өз жұмысын жүйелі жүргізіп отыр. Аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінен арнайы кабинет беріліп, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Ауданда жасотандықтардың базасы жасақталған. Қазіргі танда 746 жас осы ұйымға мүше. Олар аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды, «Нұр Отан» партиясының жобаларын іске асыруға атсалысады. Елбасы айтқандай, қазіргі кезең – батыл шешімдер қабылдайтын уақыт. Сондықтан партия қатарындағы әрбір азамат ел болашағы үшін өзіне жүктелген жауапкершілікті сезіне отырып, бірлесе жұмыс істейтініне сенімдімін.
Нұрлан НЕСІПБЕКОВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Жамбыл ауданы.