Жаңалықтар

Шәмшінің болжамы

Шәмшінің болжамы

Горбачев пен Ельцин бірін-бірі мұқатып, айтысып, тартысып жүргенде біреу Шәмші Қалдаяқовтан: – Шәке, түбі осы екеуінің қайсысы жеңер екен? – деп сұрапты. – Ельцин жеңеді, – дейді Шәкең ойланбастан-ақ. – Оны қайдан білдіңіз? – Беп-белгілі емес пе? – Саясат деген бір күні олай, бір күні бұлай, күні бұрын қалай болжап айтып отырсыз. – Оны болжау оп-оңай, өзің айтшы, Ленин қасқабас қой? – Иә... – Олай болса Лениннен кейін құдайымыз Сталин болды. Оның шашы бар. Сталиннен кейін билікке басы жалтырап Хрущев келді. Оны алмастырған Брежневтің шашы да, қасы да қою болатын. Одан кейінгі Андропов қасқабас болды. Черненконың шашы бар да, Горбачев қасқабас. Бұдан кейін шашы бар Ельцин болады да...