Қазақстан мен Беларусь басшылары Украинаға көмек көрсету және жағдайды қалпына келтіру шараларын талқылады
Қазақстан мен Беларусь басшылары Украинаға көмек көрсету және жағдайды қалпына келтіру шараларын талқылады
Қазақстан мен Беларусь Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко бүгін қазақстандық тараптың бастамасымен болған телефон арқылы әңгімеде Украинадағы жағдайды және осы елдегі жағдайды қалпына келтіру үшін көмек көрсету шараларын талқылады. «Мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың өзекті мәселелерін, әлемдегі жағдайды егжей-тегжейлі талқылады, - деп атап өтеді Белоруссия мемлекет басшысының баспасөз қызметі. - Әңгіме барысында әсіресе Украинадағы жағдайға және осы елдегі жағдайды қалпына келтіруге көмек көрсету шараларына баса көңіл бөлінді».
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz