- Advertisement -

Жазушысын құрмет теген ел бақыт ты

76

- Advertisement -

Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірдің бір топ зиялы қауым өкілдері – ақын, жазушылармен кездесіп, мерекелерімен құттықтады. Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков саябағындағы «Ғибрат» орталығында өткен кездесуге жиналғандар дастархан басында отырып, өңір руханияты туралы емен-жарқын әңгіме өрбітті.
Асқар Исабекұлы қаламгерлер қауымына облыстың әлеуметтік, мәдени дамуы туралы, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар, алдағы жоспарлар жайлы кеңінен айтып берді. Ағымдағы жылдың табысты аяқталғанын, он екі айда ауыз толтырып айтарлықтай толайым тірліктердің тыңдырылғанын жеткізді. Сондай-ақ өңір басшысы жиналғандарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, келе жатқан жылдың еліміз үшін де, облыс үшін де табысты болуын тіледі.
Сондай-ақ Асқар Исабекұлы бірқатар қаламгерлерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында ақын, жазушылар Елен Әлімжан, Қуандық Шолақ, Пернебай Дүйсенбин, Мақұлбек Рысдәулет, Ғайни Әлімбекқызы, Үміт Битенова және тағы басқалар бар.
Өз кезегінде сөз алып, ойымен бөліскен жазушы Елен Әлімжан, Пернебай Дүйсенбин, Несіпбек Дәутайұлы, Шырын Мамасерікова, Қуандық Шолақ, Мақұлбек Рысдәулет, Көсемәлі Сәттібайұлы, Үміт Битенова және Хамит Есаман ағымдағы жыл өңір үшін өсу, өркендеу жылы болғанын, көптеген игі істердің атқарылғанын айтып, оған бас бола білген облыс басшысына деген алғыстарын жеткізді. Сондай-ақ өңірдегі жас ақындарға қолдау көрсетіліп, олардың шағын жеке жыр жинақтары шығарылса деген тілектерін білдірді. Өңір мәдениеті мен руханиятына, әдебиетіне, жастар тәрбиесіне, әдеби мұраларға қатысты және тарих төңірегіндегі ойларын ортаға салды.
Айта кету керек, кездесу қонақтарына облыс әкімінің қолдауымен шыққан «Жамбылдың жауқазын жырлары» атты жас ақындардың жаңа жыр жинағы ұсынылып, кездесуге шақырылған 25 ақын-жазушының әрқайсысына 100 мың теңгеден ақшалай сыйақы табысталды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support