- Advertisement -

Жетістіктер жылы болғай!

26

- Advertisement -

Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС фосфорит кенін алумен және бұл шикізатты тереңдеп өңдеп, әлемдік нарықта бәсекеге лайықты дайын өнім деңгейіне жеткізу ісін жемісті жүзеге асыру үстінде. Биыл былтырғы жылға қарағанда өнімдеріміздің өткерілуі, оның ішінде экспортқа шығарылуы көлемін едәуір арттыруға қол жеткізіп отырмыз. Бұған дейін өнімдеріміз АҚШ, Үндістан мемлекеттеріне жақсы танымал болып келсе, үшфосфатты натрий өнімін Египет, Түркия елдері нарығына тасымалдау ісін бастадық. Осы жылдың басында біз өндірген минералды тыңайтқыштар алғаш рет Аргентина жеріне жеткізілді. Бұл тұрғыда Жапония елімен де келіссөздер жүргізілуде.

Компания осылайша өнімнің 21 түрін өндіріп, оларды әлемнің 27 еліне өткеру мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр. Жалпы, табыстың 85 пайызы қоржынымызға еркін валюта түрінде түсуде. Өндірісті қайта құрылымдау мен жаңғырту жұмыстары айрықша назарымызда.

Өнім өндіру көлемін 2019 жылы 130 миллиард теңгеге дейін жеткізу мақсаты көзделуде. Инвестициялар бөлу мен жаңа технологиялар енгізу арқылы өндірілетін өніміміз көлемін алдағы уақытта жылына 1 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді жоспарымыз да бар.

Қысқасы, «Қазфосфат» ұжымы есік қағып келіп қалған Жаңа жылды зор еңбек өрлеуі жағдайында қарсы алғалы отыр. Олар алдағы уақытта да  туған Отанымыздың ортақ игілігі еселенуі жолында ауызбіршілікпен жұмыла еңбек ете беретін болады. Жаңа жыл елімізге жайлы, жемісті, берекелі жыл болғай! Келер жылы үлкеннің де, кішінің де алға қойған мақсаттары мен жақсы армандары орындалуына тілектеспін. Жаңа жыл құтты болсын!

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері, «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support