- Advertisement -

Үлкен жеңістерімізбен қуанта берейік

48

- Advertisement -

Ағымдағы жыл өңір спортшылары үшін де керемет жетістіктерімен есте қалатыны сөзсіз деп ойлаймын. Жазғы Азия ойындарына аттанған саңлақтарымыздың басым көпшілігі жүлделі орындардан көріне білді. Халықаралық деңгейде өткен барлық жарыстардан жамбылдық спортшылар бос қайтқан жоқ. Қоржынымызға алтын, күміс, қола медальды молынан салды.
Өңір спортының өркендеуіне барлық жағдайды қарастырып отырған облыс басшысы мен спорт саласының жетекшілеріне зор алғыс айтқан жөн. Нақтылап айтар болсам, тарих қойнауына енгелі тұрған 2018 жылға артар еш өкпеміз жоқ. Қайта мерейімізді тасытты, жүрегімізде үміт отын жақты.
Келе жатқан 2019 жылдан да зор үміт күтеміз. Өйткені алдағы жылда көптеген әлем чемпионаттары мен құрлықтық ойындардан бөлек 2020 жылы Жапония астанасы Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынады. Бұл баршамызға аса ауыр жауапкершілік жүктейді. Ендеше сол сындарда мерейіміз үстем болуы үшін спортшылар талмай тер төгуі тиіс.
Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Еліміздің бағындырар биіктері таусылмасын! Барша облыс жұртшылығына 2019 жылда тек жақсылықтар тілеймін. Сайыпқырандарымыз жанкүйерлерді жеңістерімен қуанта берсін!

Зүлфия Ғабидуллина,
жүзу спортынан Рио Паралимпиадасының чемпионы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support