Спорт және туризм

Сабина Алтынбекова жайлы түсірілімді 2 миллионнан аса интернет қолданушы тамашалаған

Сабина Алтынбекова жайлы түсірілімді 2 миллионнан аса интернет қолданушы тамашалаған

Қазақстанның волейболшы қызы Сәбина Алтынбекова жайлы түсірілімді 2 миллионнан аса интернет қолданушы тамашалаған. 

Қазақстандық 17 жасар спортшы қыз соңғы екі аптада ғаламтордың жұлдызына айналды. Оның мұндай танымал болуына жастар арасындағы Азия чемпионатында ұлттық құраманың сапында өнер көрсетуі себеп болған. Ол үшін волейбол турнирінің ең сұлу спортшысы атануының өзі үлкен сый болып отыр.

Естеріңізге саламыз, қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың фан-клубы ең алғаш Қазақстанда, Ақкөлде (Ақмола облысы) пайда болды.Мұндай фан-клубтар Қытайда, Тайваньда, Оңтүстік Кореяда, Тайландта ашылған болатын. Сабина өзінің қуыршаққа ұқсайтын бет-бейнесінің арқасында танымалдығы күннен күнге арта түсуде. Әлеуметтік желілерде волейболшы қызға арналған түрлі аккаунттар ашылып жатыр.