Латын Америкасы елдеріндегі жоғары жылдамдықтағы алғашқы пойыз жолға шығады
Латын Америкасы елдеріндегі жоғары жылдамдықтағы алғашқы пойыз жолға шығады
Латын Америкасы елдеріндегі алғашқы жоғары жылдамдықтағы пойыз Мексикада 2017 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Пойыз Мехико-Керетаро бағытында жолға шығады. Оның жылдамдығы сағатына 300 шақырымға дейін жетпек. Осылайша, аталған пойыз АҚШ-та Acela Express-тен кейінгі екіншісі болмақ. Алайда оның жылдамдығы солтүстікамерикандық аналогтан жоғары. Мамандардың есептеуінше, күн сайын мексикандық экспресс 23 мыңға жуық адамды тасымақ. Ал жоғары жылдамдықтағы пойызды салу 20 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызады. Жоғары жылдамдықтағы пойыздың пайдалануға берілуі Мехико мен Керетаро арасында күн сайын қозғалатын автокөліктер санын 18 мыңға азайтуға мүмкіндік береді.