- Advertisement -

Шешімін күткен мәселелер баршылық

64

- Advertisement -

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасында өткен жиын барысында шаруалар қауымы асыраушы саладағы шешімін күткен мәселелерді талқылады. Жиынға облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев, Қазақстан Фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дарынов және жергілікті агроқұрылымдар жетекшілері қатысты.

Басқосу барысында күн тәртібіне 6 мәселе ұсынылып, қаралды. Әуелі облыстық Фермерлер одағының төрағасы Жигули Дайрабаев сөз алып, өңіріміздегі егістік жердің дұрыс пайдаланылмауынан және субсидияның уақтылы берілмеуінен шаруалар ісі біраз шатқаяқтап қалғанын жеткізді.
– Бүгінде өңіріміздегі көптеген алқаптар дұрыс пайдаланылмауда. Шаруалар субсидияға дер кезінде қол жеткізе алмай отыр. Сондықтан шаруаларға бес жылға дейін кепілсіз несие берілсе, жергілікті жерде қаржы институттары құрылса, ауыл шаруашылығы техникаларының бағасы арзандатылса, жанар-жағар май бағасы тұрақтандырылса, ауылдық тауар өндірушілер салық түрлерінен босатылса іс оңға басар еді, – деді ол.
Бұдан кейін Меркі аудандық Фермерлер одағының төрағасы, «Совет» шаруа қожалығының басшысы Совет Қалманбетов сөз алып, сала ісін жүргізуде кадр мәселесі қолбайлау болып отырғанын атап өтті. Өзге де шаруалар бұл салада шешілмеген түйін шаш-етектен екенін айтып, осы мәселеге тиісті деңгейде көңіл бөлінуін сұрады. Жиын соңында Берік Болатұлы диқандардың мұң-мұқтажы ескерусіз қалмайтынын жеткізіп, бұл мәселелер бұдан былайда басқарма мамандарының назарында болатынына сендірді.

Есен Өтеулиев

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support