Кіші Буш әкесі жайында кітап жазды
Кіші Буш әкесі жайында кітап жазды
АҚШ-тың 43-ші президенті кіші Джордж Буш әкесі, Американың 41-ші президенті үлкен Джордж Буштың өмірбаянын жазып шықты. Кітап ағымдағы жылдың қарашасында оқырман қолына тимек.
«Джордж Герберт Уокер Буш – ұлы қызметкер, саясаткер және әке. Оның өмір тарихын жазып шығу маған ұнады және оқырмандардың барлығына да оның ұнайтындығына үміт артамын», – деді кіші Джордж Буш. Кітапта 41-ші президенттің өмірі мен қызметтік мансап жолы кеңінен қамтылған. Өмірбаянды жарыққа шығаратын Crown баспа үйінің ақпаратына қарағанда, кітап 11 қарашада, АҚШ-тағы ардагерлер күнінде оқырман қолына тиетін болады. 300 беттік кітаптың алғашқы таралымы 1 миллион дананы құрайды, бұған қоса аудио кітабы да жарыққа шықпақ.