Тәуелсіздіктің ұстыны, дамуымыздың даңғылы

41

Қазір қай мәселенің болсын шешімін заңнан іздейтін заман. Құқықтық мемлекет құрудағы көксегеніміз де осы шығар. Ал заң туралы сөз қозғағанымызда Конституциямызды айналып өте алмаспыз. Себебі ол мемлекетіміздің негізгі заңы, ал қалған барлық заңдар Конституциядан бастау алады, соған негізделіп қабылданады.
Конституция – мемлекеттің алға қойған мақсатын айқындайтын құжат. Онда елдің мүддесі, құқығы мен бостандығы, келешегі толық көрініс табуы шарт. Біздің бүгінгі татулық пен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың басты тірегі Конституция деуіміз де сондықтан. Мемлекеттегі барлық нормативтік-құқықтық актілердің атасы саналатын Конституцияда ең бірінші мемлекеттік-қоғамдық құрылыс, содан кейін адамның және азаматтың құқықтық мәртебесі, бұған қоса, мемлекеттік органдардың қызметтік жүйесі нақты айқындалуы керек. Дәл осы үш тағанның дұрыс тізбеленуі елдегі дамуға кепілдік беріп отыр.

Қазақстан халқының бақытты да баянды өмір сүру жолындағы бар жауапкершілік Президентке жүктеледі. Бұл жөнінде Конституцияның қырық екінші бабының бірінші тармағында нақтылап айтылған. Соған тоқталып өтсек, «Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», – деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі». Ант дегеніміз – уәденің ең жоғарғы түрі. Ал халық арасында «Уәде Құдай сөзі» деген ұғым бар. Президенттің аталмыш анты – оның ұрпақ алдында өз-өзіне жүктеген аса зор жауапкершілігі. Осы жауапкершілік ғасырдан-ғасырға ұласады. Себебі тұтас дәуір өтсе де, оның келешек алдындағы анты ұрпақ санасында өшпейді. Тарихтың терең қатпарына кетсе де ұлт жолында аянбай қызмет еткен Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» күні бүгінге дейін ұрпақ санасында өше қойған жоқ. Керісінше жыл өткен сайын қайта түлеп, ұлт мақтанышына айналып келеді. Демек, тәуелсіз Қазақстанның дамуында ұлтым деп ұйқы көрмеген, халқым деп уайым жеген Президенттің бұл анты да ұрпақ жадында қасиетті сөз ретінде сақталатыны сөзсіз.
Президенттің әр сөзі, тың ойлары жұртшылықтың арман мұраттарымен үйлесім тауып келеді. Оның дәлелі ретінде Президенттің өткен жылы ғана жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын атап өткенді жөн санаймын. Себебі Рухани жаңғыру еліміздің саяси-әлеуметтік дамуының бірден-бір алғышарты екендігі анық. Сол арқылы мемлекетіміз, отанымызда өмір сүретін жүз отыздан аса ұлт өкілдерінің жеке ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, бір мақсат, бір мүдде төңірегінде топтастыруға жағдай жасайды.
Мемлекетіміздің негізгі құжаты Конституция – бұл қоғамдық сананы жаңғыртудың басты құралы. «Рухани жаңғыру» концепциясы да, мемлекеттің Конституциясы да азаматтық қоғамның құндылықтарын нығайтуды және ең бастысы адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді қарастырады.
Өткен жылдың аяғында президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл халыққа тағы бір ерекше сый – төл тарихымызға зор үлес болып қосылатын «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегін тарту еткен болатын. Оның жарық көруі – Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына тамаша сыйлық қана емес, Отанымыз үшін айтулы оқиға болды. Кітаптың құндылығы – тәуелсіздік алғаннан бергі қиын да күрделі сәттеріміздің, жеңісті де, жемісті күндеріміздің, айқын үдерістегі қалыптасу, өркендеу сатыларының, қазақстандық мемлекеттік құрылыс пен даму, татулық пен бірлік моделінің жан-жақты таразыланған, егжей-тегжейлі сарапталған шежіресі екендігінде.
Еңбектегі бөлім, тарау аттары да оқырманға ой салады. «Эволюция – революция емес», «әуелі – экономика, сонан соң – саясат», «адам капиталына үміт арту», «стратегиялық мемлекеттік жоспарлау», «ұлтаралық татулық пен келісім», «қазақстандық бірегейлік пен қазақстандық патриотизм» – біз үшін жай сөздер емес, әрбір азаматтың жүрегіне етене жақын, дамудың қазақстандық моделін сипаттайтын тұғырлы тіркестер.
Тәуелсіздігіміздің арқасында ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. 2017 жылы ЭКСПО көрмесінің Астанада өтуі, оған әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатысуы – еліміз үшін үлкен абырой болды. Мемлекет басшысы бұл еңбегінде «Біздің азаматтарымыз, əсіресе жастарымыз бағдарымыздың не үшін жəне қалай айқындалғанын, тəуелсіз Қазақстанның қандай жағдайда өмірге келіп, құрылғанын, оны қалыптастыруда қандай адамдардың маңызды рөл атқарғандығын, сол кезде қандай оқиғалар болғанын білуге тиіс» дегенді айтады. Олай болса, қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда жас ұрпақтың алдына патриоттық дәстүрге сай келетін жаңа талаптарды қойып отыр. Бір кезде ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, бүгінгі ұрпақ алдында оны нығайта түсу міндеті тұр. Шын мәнісінде Елбасының тарихи маңызы аса зор «Тəуелсіздік дəуірі» атты еңбегінің халқымызға берері мол.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, көптеген заңдар қабылданды, сол заңдардың ішінде ерекше орынды Конституциямыз алары сөзсіз. Себебі Конституция мемлекетіміздің тәуелсіздігінің тірегі және дамудың негізі.

Ерлан САРЫМБЕТОВ,
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың
заң факультетінің аға оқытушысы, құқық магистрі.

Comments are closed.