Экономика

Базалық мөлшерлемені 9,25 деңгейде сақтау туралы

Базалық мөлшерлемені 9,25 деңгейде сақтау туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% п.т. өзгермеген дәлізден 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Ағымдағы жылғы қазанда және қарашада инфляция бағалаумен салыстырғанда айтарлықтай төмендеуді көрсетті және нысаналы дәліздің 5-7% төменгі шекарасына жақын қалыптасты.
Ішкі және сыртқы секторлардың тәуекелдерінің ағымдағы балансын ескере отырып, Ұлттық Банк инфляцияның одан әрі серпінін 2019 жылға 4-6% жаңа дәліздің ішінде оның жоғары шегіне жақын қалыптастыру бойынша және 2020 жылдың бірінші жартысында (болжамдық кезеңнің шегінде) бір қалыпты төмендеу бойынша өзінің бағалауын растайды.
Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімдер әлеуетті инфляциялық тәуекелдерге ден қою қажеттілігіне қарай, сондай-ақ 2020 жылдың соңына қарай инфляция бойынша 4%-дан төмен орта мерзімді мақсатқа қол жеткізу міндетіне орай қабылданатын болады.
Жылдық инфляция қазанда және қарашада 5,3% деңгейде қалыптасты, бұл қыркүйектегі мәннен (6,1%) айтарлықтай төмен. Бағаның баяу өсуі көп жағдайда жекелеген тұтыну тауарлары мен қызметтер нарықтарындағы оң күйзеліс есебінен болды. Қазанда жеміс-көкөніс және бензин бағасының жылдық төмендеуі, сондай-ақ қыркүйекпен салыстырғанда реттелетін қызметтердің тарифтерінің төмендеуі байқалды.
Бұл ретте экономикадағы жалпы инфляциялық ая бұрынғыша едәуір жоғары болып отыр, бұл қазанда базалық инфляцияның жылдық көрсеткіш бойынша қыркүйектегі 6,2%-бен салыстырғанда 6,3%-ға дейін көтерілгенімен расталады.
Болжам жасалып отырған аралықта (2020 жылдың ортасына дейін) Ұлттық Банк инфляцияның басым түрде 5,0-5,5% аралығында сақталатынын күтеді.
Инфляциялық күтулер нақты инфляция деңгейінен жоғары бағалануда. Алайда қарашада өткізілген пікіртерімнің қорытындысы бойынша олардың ағымдағы жылдың қазанындағы 6,3%-дан төмендейтіні күтіледі. Қабылданатын инфляцияның ұзақ мерзімді бәсеңдеу үрдісі жалғасуда – қазанда өткізілген пікіртерімнің нәтижесі бойынша өткен 12 айда тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы бұрынғыға (жылдың басында 52,1%, қыркүйекте 42,5%) қарағанда жылдам өсті деп санаған респонденттердің үлесі 40,5%-ға дейін төмендеді.
Мұнайдың болашақтағы бағасына қатысты айқын еместік (қарашада мұнайдың бағасы бір баррель үшін 75 АҚШ долларынан бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан төмен деңгейге дейін төмендеді), сол сияқты саудадағы негізгі әріптес елдердегі инфляция өсуі үрдісінің жалғасуы сыртқы сектор тарапынан инфляцияның негізгі тәуекелдері болады.
Ағымдағы жылы халықтың ақша табыстарының нақты көрсетуде жалғасып отырған өсуі (жыл басынан 3,4%-ға), сондай-ақ 2019 жылы жалақының ең төменгі деңгейінің күтіліп отырған өсуі салдарынан ішкі сұраныстың кеңеюі қосымша проинфляциялық фактор болып қалады.
Ішкі сұраныс тұтынушылық мақсаттарға кредиттеу көлемдерінің өсуімен нығайтылды, ол қазанда жылдық көрсеткіште 12,9%-ды құрады. Жеке тұлғаларға тұтынушылық кредиттерге берілген жаңа кредиттердің көлемі 10 ай ішінде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға немесе 581 млрд. теңгеге ұлғайды.
Іскерлік белсенділіктің өсуі жалғасуда. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-қазанда 4,8%-ға өсті. Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсіптері көлемдерінің ұлғаюы тиісінше 4,7% және 5,4% сауда – 7,2%, көлік және байланыс 4,5% және 3,4%, ауыл шаруашылығы – 2,5% болды.
Ұлттық Банк ақша-кредит талаптарының бейтарап сипатын сақтап қалуда. Басқа тең талаптар жағдайында базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі 2019 жылдың соңына 4-6% жаңа нысаналы дәліз ішінде инфляцияны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Одан басқа, Ұлттық Банктің ағымдағы пайыздық саясаты сыртқы факторлардың ішкі валюта нарығына қысымын теңестіреді. Нәтижесінде теңгенің тиімді бағамының қалыптасуы және оның ішкі бағаларға әсерінің төмендеуі қамтамасыз етіледі.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру аясында маңызды міндеті нысаналы дәліз шектерінде TONIA таргеттелетін мөлшерлемесінің қысқа мерзімді болжамдылығын, соның ішінде ақша нарығы мөлшерлемелерін базалық мөлшерлемеге жақындату есебінен жақсарту болып қалады.
Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 14 қаңтарда Астана уақытымен сағат 17.00-де жарияланады.

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:
8 (727) 270 45 85
e-mail: press@nationalbank.kz
www.nationalbank.kz

ҚР Ұлттық Банкінің
Жамбыл филиалы.