- Advertisement -

«Туған жерге – туыңды тік!» тақырыбында аймақтық шығармалар (эссе, мақала жазу) байқауын өткізу туралы    ЕРЕЖЕ

494

- Advertisement -

Жамбыл облысының мектеп оқушылары арасында

«Туған жерге – туыңды тік!» тақырыбында аймақтық шығармалар (эссе, мақала жазу) байқауын өткізу туралы    ЕРЕЖЕ

І  Жалпы ереже

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының басым бағыттарын іске асыру және түсіндіру жұмыстары аясында қазақстандық мемлекеттілік пен отансүйгіштікті нығайту мақсатында облыстың мектеп  оқушылары арасында «Туған жерге – туыңды тік!» тақырыбында өткізілетін бұл аймақтық шығармалар (эссе жазу) байқауын (бұдан әрі – Байқау) «Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясы» ЖШС және Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығы ұйымдастырады.

Байқауды өткізу жұмыстарын үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

Осы Ереже байқауға қатысуға ниетті барлық мүдделі тұлғалардың назарына ұсынылады.

Ереже «Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің редакциясы» ЖШС-нің сайтына шығарылады.

ІІ  Байқаудың мақсаттары

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын мектеп  оқушылары арасында кеңінен насихаттау, олардың мақалада көтерілген келелі мәселелерге деген қызығушылығын ояту;

— өскелең ұрпақтың өз Отанына деген сүйіспеншілігін, өз еліне, халқына, ауданына (ауылына) деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

— өз еліне және оның болашағына қатысты ішкі сезімі мен ойын жүйелі түрде мазмұндай алатын дарынды балаларды анықтау;

— Отанды: үй, отбасы, шағын Отан, Қазақстан деп түсініп, тұтастай қабылдау;

— оқушылардың шағын Отанға деген патриоттық сезімі мен әрекеті арқылы шығармашылық әлеуетін дамыту және шығармашыл тұлғаны қалыптастыру;

— жасөспірімдер бойында адамгершілік және азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

— мектеп оқушыларының қиялын, танымдық қызығушылығы мен ой-өрісін дамыту.

ІІІ Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешімімен анықталады;

Қазылар алқасының шешімі қатысқан алқа мүшелерінің жалпы санының көпшілігінің дауысымен қабылданады;

Шешім хаттама ретінде ресімделеді;

Қазылар алқасының мүшелері тақ саннан тұрады және оның құрамына БАҚ өкілдері кіреді;

Жеңімпаздар  Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын – (әр номинация бойынша).

Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

IV  Байқауға қатысу шарттары

 Байқауды өткізу мерзімі және тәртібі

Байқауға ұсынылған материалдар байқаудың тақырыбына, мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуы керек.

Байқау жұмыстарын ағымдағы жылдың 8 желтоқсанына дейін мына электоронды почтаға жіберіледі сондай-ақ, келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, А.Сарсенбаев көшесі 1 «А», Техникалық шығармашылық орталығы, тел/факс 43-37-70, 8-707-272-50-67,

Байқауды мараппаттау рәсімі 20  желтоқсанда сағат  «Ақ жол» газеті редакциясында өткізіледі.

2018 жылғы 13 желтоқсаннан кейін түскен байқау материалдары, сондай-ақ талаптарға сәйкес келмейтін байқау материалдары қарастырылмайды.

Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды және оларға рецензиялар, қазылар алқасының қорытындылары берілмейді.

Байқау материалдарының мазмұнына ұйымдастырушылар жауапты емес.

Байқау жұмыстары жеке адаммен орындалуы қажет.

Байқаудың ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында, ғаламтор баспаларында жариялауға құқылы.

Байқауға, қатысушыларға қойылатын талаптар

Байқауға 10-17 жастағы білім алушылар жас санаттары бойынша қатыса алады:

5-8 сынып оқушылары;

9-11 сынып оқушылары қатыса алады.

 Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) «Ұлы дала тұлғалары» (эссе, мақала)

2) «Жомарт жүрек»  (эссе, мақала)

3) «Туған жерге туыңды тік» (эссе, мақала)

Бір автордан бір ғана шығармашылық жұмыс қабылданады. Мақала А4 форматында Times New Roman (14) қарпімен 1,0 жоларалық интервал арқылы терілуі және 3 беттен аспауы тиіс.

Қатысушылар байқау жұмысын электронды форматта мына электронды поштаға жіберуі тиіс  taraztech.centr@mail.ru , aruka_10@mail.ru

Байқау нәтижесі бойынша үздік деп танылған туындылар облыстық «Ақ жол» газетінде және оның сайтында жарияланады.

V Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері

Байқауға жолданған материалдарды бағалау кезінде төмендегі өлшемдер назарға алынады:

– жұмыстың белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

– тақырыпты ашу деңгейі, баяндаудың логикаға сәйкестігі;

– автордың ұстанымы, сауаттылығы;

– жазу стилінің көркемдігі;

– мақаладағы дерек пен дәйектің шынайылығы;

– оқырманға эмоционалдық әсері.

Әрбір шығарма 1-ден 5 баллға дейін бағаланады. Ең көп балл жинаған жұмыс өзінің жас тобына сәйкес жеңімпаз болып табылады.

VI Ұйымдастыру комитеті

Ұйымдастыру комитеті байқауды ұйымдастырушылар және қазылар алқасынан тұрады. Байқауды дайындау мен өткізу жөніндегі жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді, сонымен қатар оның орындалуын қадағалайды.

Байқау туралы ережені және байқаудың қазылар алқасының құрамын бекітеді.

 

 

Қосымша

 

ТШО директоры

М. Ибраимовке

««Туған жерге – туыңды тік!»

тақырыбында облыстық  байқауға қатысуға тапсырыс

 

Рет № Қатысушының аты-жөні Жасы Білім беру мекемесінің атауы Жұмыстың атауы Номинация

атауы

Жетекшінің аты – жөні Жетекшінің телефоны
               

 

Білім беру мекемесінің мөрі мен директорының қолы.

Байланыс телефондары: 43-37-70

Сот.тел 8-707-272-50-67  Тұрғанбева Жанат

 8 707 695 52 73  Тлемисова Айнұр

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support