- Advertisement -

Worldskills чемпионаты. 250-ге тарта студент 30 мамандық бойынша сынға түсуде 

110

- Advertisement -

Қазір әлемде жұмысшы мамандығына сұраныс артып келеді.

Қолынан іс келетін адам қайда жүрсе де қадірлі. Соңғы жылдары елімізде олардың мәртебесі жиі айтыла бастады. Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің сапасын жақсартып, халықаралық талаптарды енгізу мақсатында жыл сайын елімізде Worldskills чемпионаты ұйымдастырыла бастады. Биыл төртінші мәрте қолға алынған сайысқа Қазақстанның барлық аймағынан 250-ге тарта студент жиналды. Олар 30 мамандық бойынша сынға түсіп жатыр. Төрт күнге созылатын жарыста үміткерлер кірпіш қалау, бояу және әрлеу жұмыстары, кондитерлік шеберлік, аспаз, электроника, қонақүй әкімшісі, дизайн, қызмет көрсету секілді түрлі мамандықтар аясында өз өнерлерін паш етеді. Биылғы чемпионатта жеңіл көліктің сыртқы жабдықтарын түзету және жылтырату бойынша да бәсекелер ұйымдастырылды. Мамандар шанақ жөндеу ісін оқыту енді қолға алынғанын айтады. Жалпы Worldskills жобасы талай жастың өз кәсібін ашып, іскерлік қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушылардың болашақ мамандығын таңдауына да жол ашады.

Талғат Махамбетов, оқытушы:

– Қазіргі кезде мұндай мамандық жоқ, былтырдан бастап дамып келе жатыр. Ал оған дейін автоэлектр, автомеханик мамандығы болған. Бірақ кузов жөндеу  бойынша болмаған.

Темірлан Орынов, чемпионатқа қатысушы:

– Сандық бағдарламалы басқарылатын токарлы станоктар қазіргі кезде көп қолданылады. Мұның ерекшелігі, қиын детальдарды өңдеп шығара алады. Және тез жұмыс жасауға болады.

Ермек Күзембаев, «Кәсіпқор» холдингі басқарма төрағасының міндетін атқарушы:

– Өтіп жатқан сайысқа 30-дан аса демеуші мен серіктестік қолдау көрсетуде. Олар өз кезегінде осында өтіп жатқан жарысты көре отырып, жаңа үлгідегі мамандарды жұмысқа алып жатқан жайы бар. Сондықтан осы сайысқа қатысып жатқан барлық үміткерлерді жұмыспен толық қамтамасыз етеміз деп айта аламыз.

 

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support