Әлеумет

Өркендеу жолындамыз

Өркендеу жолындамыз

Облыс әкімі А.Мырзахметовтің, облыстық мәслихаттың хатшысы Б.Қарашолақовтың облыс тұрғындарын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауыҚұрметті жамбылдықтар! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – республиканың Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың өркендеу жолымен келеді. Бүгінде Қазақстан Орталық Азияда, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығында, жалпы халықаралық аренада өзіндік орны бар, беделді мемлекетке айналды. Ұлтаралық бiрлiк пен ұлыстар арасындағы ынтымақтастықтың қазақстандық нұсқасы әлемнiң көптеген елдерiне үлгi бола алады. Елбасының ел игілігі жолындағы бағалы бастамалары мен ауқымды реформаларын жүзеге асыру, мемлекетiмiздiң жаңа белестерге көтерілу жолында Жамбыл облысы да өз үлесін қосып келеді. Бұл күн – Тәуелсіз тарихымыздың сара жолында Елбасы елімен бірге еңсерген қиындықтарды, жемісті жеңістерді, тағы да бір бағалап, болашаққа бой түзейтін мереке. Ендеше алдымызда тұрған жаңа белестерге жету жолында Сіздерге зор денсаулық, кәсіби табыс, ұзақ ғұмыр, берекелі келешек тілейміз! Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!