«Тараз–Аренаға» келушілер саны артты

53

Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Тараз-Арена» спорт сарайының директоры Нұрлан Саурықов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындыларын мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2013 жылы халық игілігіне берілген зәулім спорт сарайында 12 жаттығу залы бар. Әмбебап кіші спорт, ауыр атлетика, тренажер, бокс залдары бір сәт те босамайды. Грек-рим, еркін күрес, дзюдо, теннис, таэквондо,тир ату, спорттық би залдары да сұранысқа ие. Жүзу бассейні талапқа сай. Жаттығу залдарының бәрі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда бір мезгілде спорттың 15 түрімен 2500 адам шұғылдана алады. Осында 12 спорт мекемесінен 1500 спортшы екі ауысымда спортпен айналысады. «Тараз-Аренада» республикалық, халықаралық ірі жарыстар жиі өтеді. Биыл облыстық қазынадан 145 миллион теңге бөлінсе, өздері ақылы залдар арқылы 120 миллион табыс тапқан. Мекемеге мемлекеттен берілетін қаржы жыл сайын 10 пайызға кеміп, ақылы залдардан табатын табысы жыл сайын 10 пайызға өсіп отыр. Түпкі мақсат – өздерін жүз пайыз қамтитын мекемеге айналу. Қазір мұнда 119 адам еңбек етеді. Спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жеңілдік қарастырылған. Зейнеткерлерге 50 пайыз жеңілдік бар.
Жиын соңында Нұрлан Байұзақұлы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.