Спорт және туризм

БОКС: Мұхаммед Әлидің «ғасыр жекпе-жегіне» қатысқандағы қолғабы $388 мыңға сатылды

БОКС: Мұхаммед Әлидің «ғасыр жекпе-жегіне» қатысқандағы қолғабы $388 мыңға сатылды

1971 жылы американдық боксшы Мұхаммед Әлидің әлем чемпионы атағы үшін ауыр салмақтағы американдық Джо Фрейзермен жұдырықтастасқандағы былғары қолғаптары Огайо штатындағы Кливлен қаласында Heritage аукциондық үйінде $388 мыңға сатылды. Айта кетейік, әйгілі бокшсы дәл осы додада өз мансабында тұңғыш рет жеңіліске ұшыраған болатын. «Бұл қолғаптар да Әлидің басқа да қолғаптары тәрізді, қой терісінен жасалған. Оның ішіне ешкі жүні толтырылған. Ол кейіннен боксшының бапкері Анджело Дандидің қолына табысталған», - дейді Heritage үйінің өкілі Ной Флайшер. Ақпарат көзі: www.kazinform.kz