- Advertisement -

«Aq jol» газетін асыға күтемін

67

- Advertisement -

Мен облыстың бас газетінің ұзақ жылдардан бері оқырманымын. Облыс баспасөзінің қара шаңырағы саналып отырған басылымды 60 жылдан бері үзбей, тұрақты оқып келемін. Аталған газетті «Сталиндік жол» кезінен білемін. Кейіннен «Еңбек туы» деп аталды. Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары «Aq jol» атанғаны белгілі.

Қазіргі таңда осы «Aq jol» газетінің тұрақты авторымын. Бүгінгі күні облыстық бас газеттің бағыт-бағдары өзгеріп, заман талабына бейімделе түскен. Алыс аудандардан, шалғай ауылдардан да жедел хабар тарата алатын әлеуетке ие. Елбасының Жолдаулары мен тапсырмаларынан, мемлекеттік бағдарламалардан туындайтын міндеттерді жан-жақты көрсете келіп, оның орындалу барысын да үздіксіз жариялауда. Оқырмандарды, әсіресе жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуде «Aq jol» газетінің алатын орны ерекше. Газетте жалпы оқырманға тартымды, сұранысқа ие материалдар көп жарық көреді. Облыс аумағынан бөлек, еліміздегі, шет мемлекеттердегі басты жаңалықтардан осы басылым арқылы хабардар болып жатамыз. Арнайы беттерін де оқырмандар іздеп жүріп оқиды. «Маздақ», «Шөкеңнің шошаласы», «Пырақ», «Айша бибі», «Тылсым дүние» беттерінен керегімізді тауып жүрміз. Ақсақалдар мен ардагерлерге, әсіресе «Оқырман отауы» ерекше ұнайды. Ол жерде ардагерлердің де хат жазып, ой-пікір, ұсыныстарын айтуға мүмкіндіктері бар. Апталық телебағдарлама да ардагерлер үшін қолайлы. Бәрі көз алдымызда тұрады.
Түйіп айтқанда, аға газет «Aq jol»-дан бар керегімізді тауып, рухани кемелденіп жүрміз. Спорт, мәдениет, өнер тақырыптарын да тереңнен қаузап жазады. Журналистерінің қаламы қарымды, қандай мәселені де жан-жақты, кеңінен, мөлдіретіп жазады. Редакция құрамы кейінгі жылдары бірқатар жас журналистермен толықты. Олардың да айтар ойы анық, жазғандарының бояуы қанық.
Осы басылымның байырғы оқырманы ретінде ұжымға шығармашылық табыс тілеймін! «Aq jol» газеті әр үйден табылса деген тілегім бар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support