Қазақстан алғаш рет бақ сынап жатқан Балалар Еуровидениесі басталды

69
Қазақстан алғаш рет бақ сынап жатқан Балалар Еуровидениесі басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Минск Аренада Балалар Еуровидениесінің финалы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтық кезең концерті Астана уақыты бойынша 21.00-де басталды, ал содан кейін жеңімпаз белгілі болады. Тікелей трансляцияны «Хабар 24» арнасынан тамашалауға болады.

Айта кетейік, Қазақстан биыл Балалар Еуровидениесіне алғаш рет қатысып отыр. Алматыда өткен ұлттық іріктеу нәтижесінде Қазақстан намысын алматылық Данэлия Төлешова қорғайтыны белгілі болды. Конкурсқа дайындық кезінде Данэлия өзіне сенім артып отырған қазақстандықтарға риза екенін, үмітті ақтауға тырысатынын айтқан еді.

 «Уақыт жақындаған сайын қобалжу үстіндемін. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Маған сахнаға шыққан, өнер көрсеткен ұнайды, ән айтудан ләззат аламын. Мені қолдайтын және сенім білдіретін адамдардың барына қуанамын, бұл үлкен жауапкершілік. Қазақстанның өнер саласына өз үлесімді қосқым келеді. Осы байқауға қатысуда маған қолдау көрсетіп, өнерде көмектесіп жатқан барлық адамдарға алғысымды білдіремін», — деді Данэлия Төлешова тікелей эфир арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Жеребе бойынша қазақстандық орындаушы сахнаға Украина және Португалия үміткерлерінен кейін үшінші болып шығады. Барлығы 20 елден келген кішкентай орындаушылар өнер көрсетеді. Қатысушылар ән айтып болған соң жүргізушілер көрермен дауыс беретін сәт басталғанын хабарлайды. Оған мына сілтеме арқылы кіріп, 15 минут ішінде дауыс беруге болады.

Данэлия Төлешова байқауда «Өзiңе сен» әнін шырқайды. Сөзін жазған — Камила Даирова мен Данэлияның өзі, ал әуен авторлары — украиналық музыканттар.

Қазақстан алғаш рет бақ сынап жатқан Балалар Еуровидениесі басталды

 

kazinform.kz

Comments are closed.