- Advertisement -

Бұл — түп тамырымызды түгендеу

150

- Advertisement -

Елбасы мақаласы бойынша алғашқылардың бірі болып пікір алысқандар облыс ардагерлері болды

Қазақстан тарихы жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында ғылым үшін маңызды. Ал біртұтастық идеясы мемлекетшілдік идеологиясынан бастау алады. Біздің өскелең ұрпаққа шертер сырымыз кең байтақ даланың оңтүстігі мен солтүстігін, шығысы мен батысын мекендеген рулардың шежіресі емес, ұлттың тарихы болуы тиіс. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласының өзегіндегі осы бір ойды жалғаған жамбылдық ардагерлер жастарға айтылар насихаттың салмағын саралап, өзара пікір бөлісті.

A Камила БОРАШОВА

«Ұлы Даланың жеті қыры» — Ұлт Көшбасшысы идеяларының, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » бағдарламалық мақаласының жалғасы. Елбасының терең философиялық ойлары мен тарқатып айтар тарихи танымның өзегі туралы толғаған мақаласы жарық көрген ел газеті — «Егемен Қазақстанды» қолға алып ең алғашқылардың бірі болып пікір бөліскен ардагерлер өз белсенділіктерімен кейінгі толқынға осылай үлгі көрсетті.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев: «Ұлы Даламыздың тарихы ерекше. Тарихшылардың өзі бұра тартып, оның тереңіне үңіле бермейтін кезеңді де бастан өткердік. Өткенімізге зер салып қарайтын болсақ, халқымыз түрлі нәубет пен соғысты бастан кешті. Мақаланың «Атқа міну мәдениеті» деген тармағында атқа міну мәдениеті мен жылқы асырау тек Ұлы Даладан бастау алатыны туралы өте орынды айтылған. Өйткені жүргізілген зерттеулерде жылқы тұнғыш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілгені анықталған. Тарихымыз — біздің асыл мұрамыз. Сондықтан да мұның бәрін ұмытпай, дұрыс түсініп, келешек ұрпағымыз жастарға айтып, жеткізу — біздің парызымыз», — деді.

Ардагерлер көкейкесті мәселелер мен өздерін толғандырған сауалдардың жауабын Елбасы мақаласынан тапқандарын айтып өтті. Бұл күні көкейде жүрген көп ойдың тетігі ағытылған еді. Біз оны бір-бірінің ойларын жалғап әкеткен қазына- қарттарымыздың еркін көсілген сөздерінен аңғардық.

 

  • Елбасының «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл біздің тарихымыздың барлық болмысын айқындап берген туынды деп білемін. Бұл — Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы. Ең бірінші атты баптап міну, оны дұрыс шаруашылыққа пайдалану осы Ұлы Даладан басталған. Металл өңдеу ісі де алғаш Ұлы Далада дамыған.

Қазақ жерінде көптеген сазгерлердің дүниеге келгені бүгінгі тарихтан белгілі. Ойшыл, дана-абыздарымыз да ұмыт қалған жоқ. Дау-жанжалды шешіп, жұртты бір ауыз сөзге тоқтатқан би- шешендеріміз тағы бар. Туған халқының осындай бай тарихын, ұлы жетістіктерінің бәрін кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру — алдыңы буын ағалардың міндеті. Елбасының берген айшықты тапсырмасы — ардагерлерге жүктелген жауапкершілік.

Байұзақ КӨЛБАЙҰЛЫ,

Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

  • Қазақ ұлтының адами тұрмыс-тіршілік болмысының барлығы осы мақалада айқын көрсетілген. Кеше кеңестік кезеңде қазақ ұлтының тарихын кешегі Ұлы Октябрь революциясынан бері қарай ғана оқытылды. Оның арғы жағындағыны жабайы көшпенділердің тіршілігі деп қана танып келдік. Ал шын мәнінде қазақ халқы Ұлы Даланың нағыз төрінде де, өрінде де өмір сүрген, ұлттық болмысы өте мықты жаратылған ұлт болған. Мақалада біздің тарихымызда металл өңдеген өндірістеріміздің болғаны айтылған. Бұл — шындыққа жанасымды сөз. Мысалы, Талас ауданының жерінде «Шойын қорытқан» дейтін жал-жал құм таулар бар. Әліге дейін сол құмдарда металл қорытпалары шашылып жатады. Біз оны көрдік. Міне бұның бәрі — біздің тарихымыздың бастауы арыда екенінің дәлелі.

Камила БОРАШОВА

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support