ГРУЗИЯ ҚҰРАМАСЫНА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

46

Футболдан ұлттар лигасының електік кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының футболшылары соңғы ойынды сырт алаңда Грузия құрамасына қарсы өткізді. «D» дивизионының бірінші тобында сынға түскен Грузия футболшылары топтағы бірінші орынды мерзімінен бұрын шешіп тастаған болатын. Әйткенмен алаң қожайындары бұл кездесуде басымдықты уыстарынан шығармады.

Ойынның бірінші кезеңінде алаң иелері бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Алайда шешуші соққыға келгенде мүлт кетіп жатты. Қазақстан футболшылары да бірнеше мүмкіндікке ие болған еді. Бірақ есеп аша алмады.

Кездесудің екінші кезеңін Грузия футболшылары қарқынды бастады. Сәт сайын шабуылдар ұйымдастыруға күш салды. Нәтижесінде ойынның 59-минутында алаң иелері таблодағы көрсеткішті өзгертті. Георгий Меребашвили мергендігімен көзге түсіп, ұлттық құрамамыздың жағдайын қиындатып жіберді. Грузия футболшылары

жалғыз голмен тоқтап қалған жоқ. 83-минутта Георги Чакветадзе әдемі гол соғып, командасының басымдығын нығырлады. Ал негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалғанда жас пері

Оралхан Өміртаев бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен алаң иелерінен ұтылып қалды.

Електік кезеңнің қорытындысы бойынша «D» дивизионының бірінші тобында бірінші орынды иеленген Грузия құрамасы «С» тобына жолдама иеленді. Ал ұлттар лигасының 2020­2021 жылдары өтетін маусымында Қазақстан құрамасы бұрынғыдай «D» дивизионында сынға түседі.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.