- Advertisement -

Өнер мектебі Қайырбек ақынмен кездесті

201

- Advertisement -

«Art studio AiVira» — Тараз қаласында ашылған тұңғыш кәсіби өнер мектебі. Бұл мектепте «Эстрадалық вокал», «Хореография», «Фортепиано», «Домбыра», «Актер шеберлігі», «Радио және теледидар жүргізушісі» бөлімдері бойынша кәсіби мамандар сабақ береді. Дарынды балалардың ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы н дамытуда, өнерін шыңдау жолында мектептің қызмет ете бастағанына биыл екінші жыл. Жақында аталған мектепте ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайырбек Асановпен кездесу өтті.

Жиынды аталған өнер мектебінің директоры

Гүлвира Смағұлова ашып, көпшілікке ақынды таныстырып өтті. Өз кезегінде ақын Қайырбек Асанов өнер жолына қадам басқан бүлдіршіндерге шығармашылықтың қиындығы мен қызықты тұстарынан сыр шертіп,

адамның үнемі ізденісте және жан-жақты болуы керектігі жайында өзінің ақыл-кеңесімен бөлісті.

Мектеп оқушылары ақынның өмірбаянымен, шығармашылығымен тереңірек танысып, ақынға өз өнерлерін де көрсетіп,

ақынның сөзіне жазылған жаңа әндерін тыңдады.

Мектеп ұстаздары Рысгүл Мағзұмова, Игілік Ипатова ақынның жырларына талдау жасап, оның «Ғашық ғұмыр», «Сен жанымда жүрсең», «Күзгі жапырақ», «Сүйем сені» жыр жинақтары жөнінде айтып өтті.

Кеште оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Өнер мектебіне қонаққа келген ақын балалардың игілігі үшін ашылған өнер мектебінің ұжымына, оның жетекшісі Гүлвира Смағұловаға үлкен алғысын білдіріп, мектепке ақ тілегін арнап, қолтаңбасын қалдырды.

 Есет ДОСАЛЫ

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support