- Advertisement -

Елімізде энергия үнемдеуді көздейтін заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді

76

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Елімізде энергия үнемдеу жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы дайын болды. Тұжырымдама энергия үнемдеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруді көздейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпорындарға энергия тиімділігі талаптарын жетілдіру тапсырылған болатын. Осы тапсырманы орындау үшін «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңға тәжірибелік талдау жүргізілді. Бұл ретте мүдделі тараптармен бірлесіп, тиісті заң жобасының тұжырымдамасы әзірленді («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»)», — деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бүгінгі Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, тұжырымдама энергия үнемдеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдіруді (мемлекеттік энергетикалық тізілім, энергия аудиторлық қызмет, мемлекеттік бақылау), жеке және мемлекеттік секторларды реттеу тәсілдерін өзгертуді, сондай-ақ энергия үнемдеуді ынталандыру шараларын әзірлеуді көздейді.

«Энергия үнемдеу саласы бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізудің негізгі шаралары жоғарыда аталған заң жобасының тұжырымдамасы аясында қаралады», — деді министр.

kazinform.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support