- Advertisement -

Жібек жолы бренді жемісті болады

65

- Advertisement -

Шымкент қаласында өткен форумда еліміздегі «Өзбекстан жылы» өз мәресіне жетті. Ауқымды шара барысында қос тарап жыл – он екі ай бойы атқарылған тындырымды тірліктерді таразылап, алдағы жоспарлы жұмыстарды саралады. Ұлы Жібек жолын бренд ретінде дамытуды көздеген екі елдің бұл бағыттағы жұмысы қазір жемісті. Айта кетейік, бұл бағыт бойынша бағындырылған белестер көптеген салаға серпін берді. Соның ішінде сауда айналымы мен тауар өндірушілер ісінің ілгерілегенін атап айту керек. Ал туризм әлеуетін арттыру мақсатында қазір 50 компания қызу іске кіріскен.

Жібек жолын жаңғыртып, жаһанға қайта таныстыруды көздеген форумға көптеген шетелдік қонақтармен бірге бір топ жамбылдықтар да арнайы барып қайтты. Жамбылдық делегацияны облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастап барды.
Форум аясында Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы тауарларының көрмесі өтіп, екі елдің 150-ге жуық тауар өндірушілері өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Біздің облысымыздың 12 ірі кәсіпорнының өнімдері де көрмеден орын алып, жоғары мақтауларға ие болды. Яғни, алдағы уақытта жамбылдық кәсіпорындар Өзбекстан мемлекетімен арнайы келісімшарттарға отырып, тауарларын экспорттауға бекініп отыр.
Форум аясында облыс әкімі А.Мырзахметов пен Өзбекстанның Жизақ облысының басшысы Э.Салиеф арасында кездесу өтіп, екі өңір арасындағы іскерлік байланыстар барысы талқыланып, нақтыланды. Бүгінде екі елдің аталмыш облыстары арасындағы тауар айналымы 59 миллион АҚШ долларын құраған. Оның 46,9 миллион доллары экспортқа, 12,1 миллион доллары импортқа негізделген. Айта кету керек, қос облыстың өзара экономикалық іскерлік байланысы екі жылдан бері жемісті түрде жалғасып келеді. Бүгінде тараптар арасында бірқатар меморандумдар бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан бөлек, форумда «Ұлы Жібек жолы бойымен» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Онда екі жақтың танымал суретшілері өз туындыларын көпке ұсынды. Шара соңында Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығын арттыру мақсатында бірқатар келісімдер жасалды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Өзбекстан Республикасы вице-премьері Ачилбай Раматов әріптестікті дамыту бойынша меморандумға қол қойды. Қос тараптың өкілдері 2018 жыл әріптестікті дамыту іс-шараларымен есте қалғанын, Қазақстандағы Өзбекстан жылы табысты аяқталуға жақын екенін атап өтті.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support