Жаңалықтар

Немере шіркін, тәтті екен!

Немере шіркін, тәтті екен!

Қандай тәтті сүйкімді, Пейілің мен қылығың! Көңіліме күй тұнды, Томпаңдаған құлыным. Қадамың сенің алғашқы, Өмір мәні – гүлсің-ау. Өзің байқап аңғаршы, Менен аумай тұрсың-ау! Көргендеймін бұлақты, Жарқырайсың күндей дәл. Жүрегіме шуақты, Сен сыйладың, Нұрдидар! Дүбірлі бұл әлемге, Ойлы көзбен қарарсың. Құмар болып өлеңге, Сен де бәлкім, жазарсың. Бәрімізге – қуаныш, Өзің үйдің сәні де. Жаныма сен – жұбаныш, Дертіме ем, дәрі де. Ашық болып аспаның, Нұрын төгіп, күн күлсін. Әрбір қадам басқаның, Сәтті болсын бүлдіршін! Мен осынау ғаламда, Тынысты кең алайын. Әке-шешең, саған да, Тілекшің боп қалайын. Арайлы атқан әр таңда, Қызығыңды байқайық. Мен бәріңнің ортаң да, Отырайын марқайып. Тоқтабибі Әлменова. Меркі ауданы.