- Advertisement -

Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

83

- Advertisement -

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов осы салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті.

«Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн.

Жұрттың көпшілігі Геннадиймен теке-тіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке қарай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу — үлкен мәртебе», — дейді Дмитрий Чудинов.

Еске сала кетсек, ол 9 тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл ресейліктің чемпиондық белдігін қорғаудағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support