Спорт және туризм

Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Дмитрий Чудинов Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBA нұсқасы бойынша тұрақты әлем чемпионы белдігінің иегері ресейлік боксшы Дмитрий Чудинов осы салмақтағы WBA (Super) және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығуға дайын екендігін мәлім етті. «Мен Головкиннің соңғы кездесуін көрдім. Шынымды айтсам, Дэниел Гилге көңілім толмады. Менің пікірімше, тұрақты чемпионның суперчемпионмен жұдырықтасқаны жөн. Жұрттың көпшілігі Геннадиймен теке-тіресе алатын қарсылас жоқ дегенді айтады. Өкінішке қарай, екеуміздің кездесуіміз туралы келіссөздер ұзаққа созылуда. Ал мен үшін спорт әлеміндегі жұлдызға айналған Геннадий Головкинмен шаршы алаңда шайқасу - үлкен мәртебе», - дейді Дмитрий Чудинов. Еске сала кетсек, ол 9 тамызда француз Мехди Буадлмен кездеседі. Бұл ресейліктің чемпиондық белдігін қорғаудағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz