Саясат

Сенат депутаттарын сайлау 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалды

Сенат депутаттарын сайлау 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.  Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. «ҚазАқпарат» ХАА Жарлықтың толық мәтінін таратты.

***

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 2014 жылғы 1 қазанға тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, 2008 жылғы қазанда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімінің аяқталуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы 2014 жылғы 1 қазанға тағайындалсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2014 жылғы 31 шілде №871