- Advertisement -

Жоғары жетістіктерге жетудің жасампаз жолы

72

- Advertisement -

Мемлекет басшысының биылғы жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа Жолдауында көптеген нақты тапсырмалар алға қойылып, бұрынғы мемлекеттік бағдарламалардың одан әрі жалғасын тауып, жүзеге асырыла беретіні атап өтілді. Бұл Жолдау да елдің экономикалық дамуына және Қазақстан халқының тұрмысы мен әл-ауқатының артуына байланысты келелі мәселелерді қамтуымен мемлекетіміз тәуелсіздік алған күннен бастап жүргізіліп келе жатқан Елбасының сындарлы саясатының заңды жалғасы болып табылады. Онда тәуелсіздік алғалы бергі 27 жылдың ішінде Қазақстанды дамыту бағытында қандай батыл қадамдар жасалғаны, ынтымағы жарасқан елдің ырыс-құты қаншалықты артқаны айқын көрініс тауып отыр. Бірлікті ту етіп, берекеге кенелген бейбітшіліксүйгіш, еңбекқор еліміздің «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын жүзеге асыру жолындағы жетістіктері аз емес. Соның бір нақты айғағындай, бүгінде мемлекетіміз дамыған елдер қатарындағы Дүниежүзілік Банктің бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде 190 елдің ішінде 36-орынға көтеріліп отыр.
Мемлекет басшысының жуырдағы Жолдауында кең ауқымды саяси-экономикалық айналымға тұңғыш рет «қолма-қол ақшасыз экономика» ұғымын енгізе отырып, халықтың әл-ауқатының басты факторы ретінде жалақыны өсіруге баса назар аударылған. Атап айтқанда, бұл тұрғыда Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін көтеру жөнінде тапсырма берілді. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 адамның еңбекақысын тікелей қамтиды.
Сонымен қатар халық табысының өсуі мақсатында, бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қаупінен қорғау барысында ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарына бірқатар жауапты іс-шараларды жүзеге асыру міндеттеліп отыр. Атап айтқанда, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық заңнамасының бұзылуы жөніндегі қылмыстық жауапкершіліктің қолданылу шегін, айыппұлды өсіре отырып, 50 мың айлық есептік көрсеткішке арттыру көзделуде.
Екіншіден, көлеңкелі экономикамен күресті жандандыру мақсатында экономикалық тергеу қызметін қайта құру арқылы оның функциялары Қаржы мониторинг комитетіне берілетін болады.
Үшіншіден, салық және кеден салаларындағы ақпараттық жүйелер интеграциясының аяқталуы, әкімшілендірудің ашықтығын арттыру қарастырылған.
Төртіншіден, 3 жыл ішінде экономикадағы көлеңкелі айналымды кем дегенде 40 пайызға қысқарту үшін нақты шаралар қабылдау қажет.
Бесіншіден, бизнес өз жұмысын жаңадан бастау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салықтың негізгі сомасы төленген жағдайда, өсімпұлдарды және айыппұлды есептен шығару жөнінде, шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуге байланысты, келесі жылдан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне тиісінше өзгерістер енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, егер салық төлеушілердің дербес есеп шоттарындағы 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша есептелген берешек соманы 2018 жылғы 1 қазаннан 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде төлеген жағдайда, салықтық берешек болып табылмайды және бюджетке енгізілуге жатпайды, сондай-ақ уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен есептен шығарылуға жатады деп белгіленетін болады.
Сонымен қатар Жолдаудың тұрмыс сапасын арттыру стратегиялық бағытын іске асыру барысында, 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізуді бақылауда ұстау жүктеліп отыр. Білім беру саласында қордаланған мәселелерді шешу үшін, алдағы 2019-2021 жылдар аралығында осы мақсаттарға бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге бөлу қарастырылды.
Еліміздің денсаулық сақтау саласына енгізілетін өзгерістер де Жолдауда нақтыланып көрсетілген. Атап айтқанда, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақылары кезең-кезеңімен 20 пайызға көбейетін болады. Осы мақсаттарға арналып келесі жылы бюджеттен 5 миллиард теңге бөлінбек.
Жолдаудың бағдарламаларды орындау барысында, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті алдына қойылған басты міндеті – белсенді жұмыстар жүргізудің нәтижесінде бюджетті толықтыру және осыған байланысты салықтар мен басқа да төлемдер көлемі көбейтілуін қамтамасыз ету.
Осыған орай облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Елбасы Жолдауын қолдай отырып, алдағы уақытта қыруар жұмыстар атқаруды қолға алып отыр. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айының қорытынды нәтижелері бойынша салық және басқа да міндетті төлемдер түсімі, мемлекеттік бюджеттің болжамы 105,2 пайызға, яғни жоспарланған 59,1 миллиард теңгенің орнына 62,1 миллиард теңге түсіп, 3,0 миллиард теңгеге артығымен орындалды. Сонымен бірге жергілікті бюджет жоспарының да толығымен орындалғанын атап өту керек. Жалпы есепті кезеңде түсім болжамы 37,4 миллиард теңге болса, нақты түскені 42,3 миллиард теңге. Яғни жоспар бұл бағытта да 113,0 пайызға орындалып отыр.
Қазіргі уақытта алдағы үшжылдыққа арналған бюджет жобасы ҚР Мәжілісінің қарауына енгізілген. Осы құжатпен жұмыс барысында депутаттар Елбасы Жолдауының басымдықтарын басшылыққа ала отырып, ең алдымен әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға қаражат қарастыратын өзгерістер енгізетін болады. Сондықтан биылғы Жолдауда алға қойылған мақсат-мұраттар табысты жүзеге асатынына жамбылдық кірісшілердің де сенімі мол.

Құлмұханбет ИСАҚОВ,
облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support