- Advertisement -

Ауданда 49 миллиард 193, 3 миллион теңгенің өнімі өндірілді

51

- Advertisement -

Бұл жолғы баспасөз мәслихаты Жамбыл ауданының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерімен таныстыруға арналды. Осы тұрғыда аудан әкімі Бақыт Қазанбасов тарата айтып берді.
Оның айтуынша, есепті кезеңде аудан бойынша жалпы өндірілген өнім көлемі 49 миллиард 193,3 миллион теңгені құрап, көрсеткіш 122 пайызға, яғни өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 9 миллиард теңгеге артығымен орындалған. Бүгінгі күні ауданда бұл істе үлесі бар барлығы 2390 агроқұрылым жұмыс істеуде. Оның ішінде 3-еуі – өндірістік кооператив, 25-і – ауыл шаруашылығы кооперативі, 2366-сы – шаруа қожалықтары.
Бақыт Алпысбайұлы егін шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстарға да кеңінен тоқталып өтті. Ағымдағы жылы 11 500 гектар алқапта өсірілген ақ егістен тиісінше өнім жиналып алынған. Әр гектарынан орташа түсім бидайда – 24,5, ал арпада 19,1 центнерден айналыпты. Бүгінде күздік себу ісі өзінің мәресіне де жетіп отыр. Оның биылғы көлемі 2 мың гектарды құрайды. Сондай-ақ келер жылдың өнімі үшін тиісінше сүдігер көтерілуде. Айта кету керек, ауданда Елбасының алдағы бес жыл ішінде еліміздегі суармалы егіс алаңын 40 пайызға кеңейтуге байланысты тапсырмасына сәйкес жұмыстар қарқынмен жүзеге асырылу үстінде. Көп жылдардан бері пайдаланусыз жатқан бірқатар суармалы алқаптарға бетонды науалар арқылы су жеткізу, каналдар табанын тазалау жұмыстары қолға алынған.
Ауданда күзгі жиын-терін жұмыстары аяқталуға жақын. Сәбіз бен пияз жинау ісі осы аптаның аяғында қорытындыланады деп күтілуде екен.
Баяндамашы соңғы жылдары іске қосылған «Аса-Даму» құс фабрикасының бүгінде 60 азаматты жұмыспен қамтып, тәуліктік қуатын 145 мың жұмыртқа шығаруға дейін жеткізіп, ел игілігін еселеп отырғанын, сондай-ақ ауданда есепті кезеңде мал етін экспортқа шығару көрсеткіші де асыра орындалғанын атап өтті.
Ауданда «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында биыл көппәтерлі бір үй пайдалануға берілген, екінші тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары да жаңа жыл қарсаңында өзінің мәресіне жетеді деп күтіліп отыр.
Басқосу соңында БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға да жан-жақты жауаптар қайтарылды.

 

Баймаханбет АХМЕТ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support