Байзақ
Байзақ
Диқан ауылдық Мәдениет үйінде жастар бойында асыл дініміз – исламға деген құрметті қалыптастыру мақсатында мәдениет үйінің меңгерушісі М. Мамырайымованың ұйымдастыруымен «Иманды ұл мен ибалы қыз – өмір көркі» атты тақырыпта кеш өткізілді. Ауыл имамы Әбдіқұл қажы ислам діні, оның адам өмірінде алатын орны, оразаның қадір-қасиеті, исламның бес парызы, имандылық жайында тартымды да тағылымды уағыз айтты.