Жамбылда не жаңалық?

Қордай

Қордай

Аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен сұлулық салондары арасындағы дәстүрлі «Профи-2014» байқауы өтті. Онда өз кәсібінің білікті шаштараз, визажист және маникюр шеберлері бақ сынасты. Жарыс қорытындысында «У Любани», «Диана» және «Нефертити» сұлулық салондарының шеберлері фантазияларының байлығы және үздік сән үлгілерімен барлық жүлделі орындарды бөлісті. Сөйтіп, аудан намысын қорғайтын облыстық байқауға да жолдамаларды солар иеленді.