Мойынқұм
Мойынқұм
«Асыл арман» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» КММ қолдауымен «Патриоттық тәрбие – ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Алдыңғы буын мен аудан жастары қатысқан бұл шарада «Бүгінгі жастардың отансүйгіштік сезімінің деңгейі қандай?», «Жастардың бойында патриоттық тәрбиені жетілдіру үшін не істей аламыз?» сауалдары төңірегінде сөз қозғалды. Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Ә. Тойшыбеков өнегелі ойларын ортаға салды