- Advertisement -

Гүлшара Әбдіқалықова: Еліміздегі 4 млн-ға жуық әйел ауылдарда тұрады 

68

- Advertisement -

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Астанада БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес жыл сайын 15 қазанда аталып өтетін Халықаралық ауыл әйелдері күніне арналған «Қазақстанның ауылдық аумақтарын тұрақты дамытуға әйелдердің үлесі» атты ауыл әйелдерінің бірінші форумы өтіп жатыр. Форумға 14 өңірден 160-тан астам делегат қатысуда.

Форум «Expo&Women» ХҰ ЗТБ, Еуропалық Қайта Құру және Даму банкі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтіп жатыр.

Республикада ауыл халқы 42,5 %-ды құрайды, оның жартысы әйелдер және олардың ауылдық аумақтарды дамытудағы рөлі айтарлықтай.

Форумның ашылу салтанатына қатысқан ҚР Мемлекеттік хатшысы, Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова ауыл әйелдерінің І форумына қатысушыларды құттықтады.

«Бүгінгі таңда Қазақстандағы әйелдердің 50%-ға жуығы, яғни 3,9 миллион әйел ауылдарда тұрады. Сол себепті форумның басты міндеті — ауылшаруашылығын дамытуда, өмір сапасын арттыруда, ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуда әйелдердің рөлін арттыру», — дейді ол.

Форум Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда әйелдердің жетістіктері мен үлесін көрсету үшін арнайы платформа құру, сондай-ақ әйелдерді ынталандыру, оларды жасыл экономикаға тарту, Органикалық Ауыл шаруашылығын және ауылдағы жұмыспен қамтудың түрлі формаларын енгізу мақсатында өткізілуде.

ФОТО Бауыржан ЖУАСБАЕВ

 

baq.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support