Саясат

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 211-Ж/Қ өкімімен Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 211-Ж/Қ өкімімен Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы Жамбыл облысы әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Шалдаров Жайықбай Шалдарұлы 1976 жылы туған. Білімі – жоғары. 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «экономикалық кибернетика», 2003 жылы Солтүстік Қазақстан заң академиясын «юриспруденция», 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «саясаттану» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2000 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған. 2001-2004 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің Есіл, Аққайың аумақтық бөлімдерінің сот, аға сот орындаушысы, 2004-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің бас маман-заңгері, бөлім бастығы, 2007-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Соттар әкімшісінің бөлім бастығы, 2010-2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары, 2013-2014 жылдары Жамбыл облысы Сот актілерін орындау департаментінің басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың қарашасынан бастап Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.