- Advertisement -

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жаңа шоуында көрермендерді не күтеді

74

- Advertisement -

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жаңа шоуында көрермендерді не күтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат — 19 қараша күні Лондонда Димаш Құдайбергеннің жеке концерті болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шара Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында өтпек.

«DQ» — Ұлыбританиядағы Қазақстан мәдениеті күндерін атап өту шеңберінде арнайы дайындалған, Димаш Құдайбергеннің жаңа бірегей шоуы. Бұл шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылып,

Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен өтеді. Концерттен түскен барлық қаражат Қазақстандық дарынды жастарды қолдауға жұмсалмақ. Бағдарлама 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді және 10 жылда 1000-ға жуық дарынды жастартың халықаралық байқауға қатысуына қол ұшын берді.

Билеттер 19 қазан күні Лондон уақытымен таңғы сағат 11:00-де сатылымға шықты. Бүгінге дейін алдағы шоуға билеттердің шамамен 80%-ы сатылды. Оларды axs.com сайтынан сатып алуға болады, бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады:

«Достар! Сіздермен Лондондағы кездесуді асыға күтудемін! Дайындалыңыздар! Сіздерге арнайы тосынсый әзірледім. Бұл керемет шоу болатынына уәде беремін! Тағы бір тосынсый бар: билеттерді әлі де сатып алуға болады! axs.com сайтына өтіп, билеттерді сатып алыңыздар».

Бірегей шоу атақты «Indigo at The O2» концерт залында өтеді. Мұнда көрермен Димаш Құдайбергеннің жаңа бағдарламасын тамашалай алады. Көрерменге концерт есігі Лондон уақытымен сағат 18:30-да ашылады, бағдарлама 20:00-де басталады деп жоспарлануда.

Екі сағаттық концерттік бағдарлама 4 бөлімнен тұрады. Сахнадағы барлық көрініс live-band, би қойылымдарымен, 3D-эффектілермен және тағы сол сияқтылармен сүйемелденеді. Шоу фан-аумақтың көрермені жалпы перформанстың бір бөлшегі болатындай етіп ұйымдастырылады.

Димаш өмірден өткен досы Денис Тенді еске алу құрметіне «SOS d’un terrien» әнін орындайды. Одан бөлек, әншінің осы кештегі репертуарында, жанкүйерлері Димаш Құдайбергеннің орындауында сүйіп тыңдайтын шығармалар орындалады. Сонымен қатар, 19 қараша күні Лондонда қонақтардың назарына музыкалық премьералар — жарыққа алғаш шығатын шығармалар ұсынылады. Шоу барысында жас әнші, ән салып, би билеп қана қоймай, әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл — шоудың тағы бір ерекшелігі болмақ.

Димаш Құдайберген — қазақстандық әнші, композитор, мульти-аспапшы екенін, вокалдық диапазоны өте кең — 5 октав, 4 нота және 1 жарты тонды қамтитынын естеріңізге саламыз. Сонымен қатар ол «Singer», «Байқоңырдың сазды үні», «Жас қанат», «Шығыс базары», «Мейкин Азия», «Славян базары» тәрізді ірі музыкалық байқауларға қатысып, жеңіске жеткен.

kazinform.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support