- Advertisement -

WBC президенті Головкин — Чарло жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады

70

- Advertisement -

WBC президенті Головкин - Чарло жекпе-жегі туралы жаңа мәлімдеме жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман қазақстандық боксшы Геннадией Головкин (38-1-1, 34 КО) мен америкалық Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

WBC Конвенциясы жуырда осы жекпе-жекті ұйымның орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареспен (50-1-2, 34 КО) өтетін кездесуге іріктеу ретінде бекіткен болатын.

«Біз алға қадам басамыз. Чарло 22 желтоқсан күні жекпе-жек өткізеді. Содан кейін біз оған жекпе-жек туралы қаулыны жібереміз. Сосын әліптің артын бағамыз», — деді Сулейман.

Чарло келесі кездесуін Кіші Вилли Монромен (23-3, 6 КО) өткізеді. Ал Головкин рингке көктемде оралуы мүмкін, бірақ ол жекпе-жек туралы мардымды ақпарат жоқ.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support