- Advertisement -

АҚШ-та Facebook пен Instagram желісіндегі 100-ден аса аккаунт сайлауға килікті деген айыппен өшірілді 

68

- Advertisement -

АҚШ-та әлеуметтік желілердің сайлау процесіне килігуімен күресу мақсатында Facebook пен Instagram желілеріндегі 100-ден аса аккаунт пен парақша өшіріліп тасталды. Бұл туралы Facebook желісінің мәлімдемесінде айтылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Біздің зерттеуіміз Facebook желісінде 30 аккаунттың және Instagram желісінде 85 аккаунттың алдын ала келісілген және расталмаған мәліметтерді қамтитынын анықтады. Сондықтан біз ол аккаунтарды жедел түрде бұғаттап, мұқият зерттеу жүргізіп жатырмыз», — делінген мәлімдемеде.

Бұғатталған аккаунтардың көбі орыс және француз тілдерінде жазылғаны айтылады.

Осыған дейін америкалық БАҚ өкілдері Ресейді әлеуметтік желілер арқылы Дональд Трампқа сайлауда көмектеседі деп айыптаған еді. АҚШ арнайы прокуроры Роберт Мюллердің айтуынша, 2016 жылы әлеуметтік желілердегі аккаунтардың Ресей билігіндегілермен байланысы болып, сайлауға әсер етпекші болған. Алайда ол әрекеттер сайлау қорытындысына әсерін тигізбеген.

tengrinews.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support