Басты жаңалық

Рой Джонс британдық Кортни Фрайды сұлатып салды

Рой Джонс британдық Кортни Фрайды сұлатып салды

79,38 келі салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Рй Джонс Бүкіләлемдік боксшылар одағының (ВБУ) нұсқасы бойынша 90,71 келі салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Ригада болған 12 раундтық жекпе-жекте ол британдық Кортни Фрайдан 5-раундта техникалық нокаутпен басым түсті. Джонс өткен жылдың желтоқсанында француз Зинеддин Бенмаклуфты ұпай санымен ұтып, ВБУ титулына ие болған еді. Джонстың есебінде қазір 58 жеңіс (41 нокауд), 8 жеңіліс бар. Ал 39 жастағы Фрай алтыншы рет сүрінді (3-еуі қатарынан), 18 жеңіске (6 нокаут) жеткен.