- Advertisement -

Болашақ кілті – білімде

150

- Advertisement -

Гүлжан Тілеубердиева,
«Нұр Отан» партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Білім» бағыты бойынша аймақтық кураторы, «Нұр Отан» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі.

«Нұр Отан» партиясының Сайлауалды бағдарламасында білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына енуді алдымызға мақсат еткен еліміз, оған жету жолында білім саласында реформалар жасалуда. Сайлауалды бағдарламаның білім беру жүйесінде бес сатыдан тұратын оқыту жүйесі – балаларды ерте бастан дамыту, бастауыш және орта білім, кәсіптік даярлық, кәсіпкерлік және жаңашылдықпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Сондай-ақ қазіргі таңда ағылшын тілінде оқытуға біртіндеп көшу үшін соған сай кадрлар және оқу құралдары мен білім беру бағдарламаларын дайындау бойынша шаралар қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білім беру саласын дамыту мақсатында Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша да отырыстар, партиялық тыңдаулар өткізіліп келеді. Сондай-ақ «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асырудың алдағы шаралары және аймақтық еңбек ресурстарының теңгерімін тиімді қолдану туралы мәселелер қаралып, тиісті мекемелерге (облыс әкімдігінің білім басқармасына және аудан әкімдеріне) 22 ұсыным берілді. Бүгінгі таңда берілген ұсынымдардың 20-сы орындалып, 2-еуі орындалу үстінде. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және партияның сайлауалды бағдарламасының іске асыру барысы туралы», баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру мен дуалды оқыту жүйесін енгізу мәселелері бойынша партиялық тыңдау өткізілді.
Партиялық тыңдау өткізу мақсатында Жуалы, Мойынқұм, Қордай, Сарысу, аудандарында және облыс әкімдігі білім басқармасында болып, жетістіктері мен кемшіліктері сараланып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмыстары негізінде білім басқармасы басшысының есебі тыңдалып, отырыс соңында білім басқармасы мен аудан әкімдеріне 15 ұсыным беріліп, бүгінгі таңда 12 ұсыным орындалып, 3-еуі бақылауға алынған.
Сондай-ақ партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, шешімін таппай жүрген тұрғындар мәселелерінің оң шешілуі бойынша да жұмыстар атқарып келеміз. Партияның сайлауалды бағдарламасында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) құрамындағы елдердің ең үздік әлемдік стандарттарын білім жүйесіне енгізуге бағытталған нақты тапсырмалар көрсетілген.
Соңғы жылдары облыстағы мектеп құрылысының қарқынды жүргізілуі олардағы оқушы орнының тапшылығын азайтып, оқу процесін екі ауысымнан асырмай жүргізуге толық мүмкіндік беріп отыр.
ХХІ ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазір еліміз бойынша 1000 ІТ сынып ашып, онда жылына 150 мың баланы оқыту қолға алынып жатыр. Біздің облысымызда да бұл істер оң нәтижесін беруде. Бұдан басқа «Робототехника» кабинеттері де ашылуда. Бұл мектеп оқушыларының қарапайым алгоритмдер құру, еуропалық білім беру стандарттары бойынша бағдарламалар және WEB-сайттар жасау дағдыларын меңгеруіне жағдай туғызады. Болашақта технопарктер ашу жоспарлануда. Бұл алдыңғы қатарлы цифрлық дағдылар мен білімнің қолжетімділік проблемасын шешуге мүмкіндік береді.
Мектептерде үш тілді оқытуда биология, физика, химия, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылуда.
Ағылшын тілінде оқытуға біртіндеп көшу үшін соған сай кадрлар, ағылшын тілінде оқу құралдары мен білім беру бағдарламаларын дайындау бойынша шаралар қабылданды. 2021 жылға қарай үштілділік қазақстандық қоғам үшін қалыпты көрініске айналады, халықтың 30 пайызы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін болады деп жоспарланып отыр. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан өмірлік маңызы бар бұл саланың дамуында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің басты саяси күші ретінде «Нұр Отан» партиясы бұл маңызды мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу барысын одан әрі қатаң бақылайтын болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support