Әлемдегі ең ұзын бойжеткен Түркияда тұрады
Әлемдегі ең ұзын бойжеткен Түркияда тұрады
Әлемдегі ең ұзын бойжеткен Түркияның Сафранболы қаласында тұрады. Оның бойы 2 метр 13 сантиметрге жетеді.
Румейса дүниеге вивер синдромымен келген. Сондықтан бойы тез өскен. Бойжеткен ағзадағы өзгерістерден ұзақ уақыт науқастанып, төсек тартып жатады. Жүрегіне бірнеше рет операция да жасалады. «Қызымның бойы 7 жасында 1 метр 80 сантиметр болған. Дәрігерлер Румейса 2 метрден асқаннан кейін, оған өсуді тоқтату үшін 3 ай бойы арнайы дәрілер берді. Мұндай әрекетке бармасақ, оның бойы әрі қарай өсе беретін еді. Амал жоқ, көнуге тура келді», - дейді Румейсаның әкесі Хайдар Гелгі. Науқастығына қарамастан, ол ағылшын тілін үйреніп, 2012 жылы Гиннестің рекордтар кітабына өзін әлемдегі ең ұзын бойжеткен ретінде тіркеуін өтініп хат жазады. Осыдан 2 ай бұрын кітап өкілдері келіп, оның бойын өлшеп кетіпті. Арада ай салып, Румейсаға ресми түрде сертификат табысталды.