Басты жаңалық

Екібастұзда бұршақ жауды

Екібастұзда бұршақ жауды

Жаздың ортасында Екібастұзда бұршақ аралас жаңбыр жауды. Соның салдарынан Бәйет ауылдық округіндегі Атыгей елді мекенінде бес үйді су басты. Екібастұздың өзінде жеке сектордағы бес тұрғын үй су ортасында қалды. Сондай-ақ, ағаштар құлап, электр желілері зақымданған. Табиғаттың тосын құбылысының салдарынан үй маңында тұрған бір автокөліктің үстіне баған құлап кетті. «Куәгерлердің айтуынша, жауған бұршақтың көлемі - 1 см. Зардап шеккендер жоқ», - дейді төтенше жағдайлар департаментінің мамандары. l АҚШ Студент оқу ақысын төлеу үшін Обамадан алған хатын сатып жіберді АҚШ президенті жетім студентке ақшалай көмек көрсетпесе де, қарызынан құтылуға мүмкіндік берді. Бозбала университеттегі оқу ақысын төлеу үшін Барак Обаманың қолмен жазған хатын интернет-аукцион арқылы сатып жіберді.