Басты жаңалық

Қазақстандық төреші тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына қызмет етеді

Қазақстандық төреші тұңғыш рет футболдан Еуропа чемпионатының финалына қызмет етеді

Отандық футбол тарихында алғаш рет қазақстандық төреші Еуропа чемпионатының финалдық ойынына төрелік жасайды.

Тарқата айтсақ, Тараз-дың лайнсмені Евгений Бельский Германия мен Португалия жастар құрамасы арасындағы ойынға қызмет ететін төрешілер бригадасының құрамына енді. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалы бүгін Будапешт қаласында Астана уақыты бойынша сағат 22:45-те өтеді. Ойынды Eurosport арнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Матчтың бас судьясы - Хавьер Эстрада Фернандес (Испания). Қапталдағы төрешілер: Даррен Ингланд (Англия), Евгений Бельский (Қазақстан). Резервтік судья болып Инеа Джорджи (Албания) тағайындалды. Матч инспекторы славяндық Йосеф Марко.