- Advertisement -

«Ең үздік волонтер – 2018»

124

- Advertisement -

Байқауының жеңімпаздары анықталды

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Волонтерлар мектебінің жұмысын үйлестіру, жүргізу және олардың әлеуетін кеңінен пайдалану бағытындағы шараларды үйлестіру» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында «Komek.demeu.kz» қоғамдық қоры «Ең үздік волонтер – 2018» республикалық байқауын ұйымдастырды. Байқау «Үздік волонтерлық ұйым», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік көшбасшы», «Үздік бастама», «Үздік салалық волонтерлар» аталымдары бойынша өткізілді. Сайысқа облысымыздан және еліміздің өзге өңірлерінен жиырмаға жуық талапкер қатысты. Олар өздерін жан-жақты көрсете білді.
Марапаттау рәсімі М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында өтті. Жиында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы студенттік жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Ділмұрат Хамрақұлов сөз сөйлеп, волонтерлардың жұмысының маңыздылығына тоқталды. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік волонтерлық ұйым» аталымы бойынша астаналық «Клуб добряков» волонтерлық ұйымы жеңімпаз атанса, «Үздік әлеуметтік жоба» аталымы бойынша да елордалық Толғанай Зейнула алдына жан салмады. «Үздік көшбасшы» аталымы бойынша да астаналық Алмат Игіліктің бағы жанды.
«Үздік бастама» аталымы бойынша тараздық Ақниет Успанбаев жеңімпаздар қатарынан көрінді. «Үздік салалық волонтерлар» аталымында тараздық «От сердце к сердцу» волонтерлық отряды озат деп танылды. Әр аталымның жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Шара соңында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің өнерлі жастары арнайы концерт көрсетті.

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support