- Advertisement -

Кезекті жеңісінен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі бірден жоғарылады

83

- Advertisement -

Кезекті жеңісінен кейін Жәнібек Әлімханұлының рейтингі бірден жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) профи-рингтегі төртінші жеңісінен кейін BoxRec.com белді сайтындағы рейтингін жақсартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатында өткен бокс кешінде америкалық Александер Вонды (12-1, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңген болатын. «Жыртқыш» лақап атымен белгілі А.Вон 2004 жылдың соңында рекорд орнатып, әлемдегі ең танымал спортшылардың бірі атанған еді. Кейін ол қарақшылық шабуылға қатысқаны үшін түрмеге түсіп, темір тордың ар жағында 11 жылын өткізді. 2016 жылы рингке қайта оралды.

Ал кәсіби спортта төртінші жеңісіне қол жеткізген Жәнібек BoxRec.com сайтының екінші орта салмақтағы рейтингінде бірден 54 позицияға көтерілді. 109-ыншы орынға орналасқан боксшының алдында қазақстандықтар арасында Айдос Ербосынұлы (9-0, 7 КО) ғана тұр — 93-інші позиция.

Жәнібек Әлімханұлының бокстағы ісін Top Rank танымал промоутерлік компания жүргізеді. Компания клиенттері арасында  Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) мен Теренс Кроуфорд (34-0, 25 КО) бар.

 

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support