- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты

78

- Advertisement -

Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық топтары мен кафедраларының жетекшілері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, ғылыми зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова құттықтау сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Барлық кезеңде де табысқа деген нық сенім мен халықтың бірлігі ғана ел тағдырын шешкен. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында ғана біз ұлы асуларды бағындыра аламыз», – деген сөзіне тоқталды.

Мемлекеттік хатшы әрбір қазақстандықтың жаңғырулар үдерісіне атсалысу сезімін қалыптастыру жолындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сарапшылық тұрғыдан қолдаудың маңыздылығына, сондай-ақ қоғамдық санаға «Рухани жаңғырудың» біріктіруші әрі жасампаздық әлеуетін терең сіңіру қажеттігіне тоқталды.

– Президент жариялаған Жастар жылы аясында жастарға және отбасы институтына қолдау көрсету ғылыми-сарапшылық жұмыстың маңызды бағыты болуға тиіс, – деді Мемлекеттік хатшы.

Отырыста жүргізілген зерттеулер нәтижелері мен әлеуметтік-демографиялық және этносаралық саладағы 2019-2020 жылдарға арналған ғылыми жұмыстар жоспарлары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану», «Ұлы дала Елінің киелі мұрасы» жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Дала Әміршілерінің Алтыны» көрмесі мен Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Сарыарқа археологиялық институтының көрмесі ұйымдастырылды. Ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелерінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрааралық ғылыми-ағарту орталығының және Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының жаңа ғылыми материалдарының таныстырылымы өтті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support