- Advertisement -

Рохинджа Мьянмаға оралады 

64

- Advertisement -

Бангладеш пен Мьянма билігі рохинджа елінің босқындарының бірінші тобы биыл қарашаның ортасына өз еліне оралуы жайында келісімге келді. Бұл туралы Бангладеш СІМ хатшысы Шахидуль Хак мәлімдеді.

«Біз босқындардың бірінші тобы өз елдеріне қарашаның ортасында жіберіледі деп сеніп отырмыз», — деді жоғары лауазымды дипломат Дакка қаласындағы Бангладеш және Мьянма өкілдерінің кездесуінен кейін. Хактың сөзін bdnews24 интернет басылымы жариялады.

Өз кезегінде келіссөздерге қатысқан Мьянма СІМ хатшысы Мьин Ту келесі айдан бастап босқындардың елге оралатыны туралы нақты жоспар барын айтты.

Бангладеш пен Мьянма рохинджаның елге оралуы туралы масштабты жоспарды 2017 жылдың соңында келіссөздерді бастады. Алайда бюрократиялық созбалақтаудың салдарынан ол кезде іске аспады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, олар Бангладештен депортацияланған босқындар өз елінде қайтадан зәбір көруі мүмкін деп алаңдаулы.

2017 жылы күзде 700 мың рохинджа, Мьянманың Ракхайн штатында тұрып жатқан этникалық бенгал-мұсылмандары өз үйлерін тастап, көрші жатқан Бангладешке қашқан. Мьянма әскери күші тоғыз полицей мен әскери қызметкердің өлімін себепші етіп, ислам лаңкестерінен «тазартамыз» деп жаппай қырғын салған. Барлық материалдарды қарастырып, зерттеу жүргізген БҰҰ мамандары мьянмалық әскерилерді рохинджаға жасаған геноцид деп баға берді.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support