- Advertisement -

Серік Қонақбаев – AIBA президенттігіне үміткер

286

- Advertisement -

Спорттық арбитраждық сот (CAS) AIBA (халықаралық әуесқой бокс федерациясы) президенттігіне үміткер Серік Қонақбаевтың шағымын қанағаттандырған шешім шығарды. Бұл мәлімет Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты арқылы тарады.
Әуесқой бокстан Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев AIBA сайлау комиссиясы өзін кандидат ретінде тіркеуден бас тартқаны үшін шағым түсірген болатын.
Серік Қонақбаевтың шағымын мұқият зерделеген сот отандасымыздың өтініші орынды екенін ескеріп, қанағаттандырарлық шешім қабылдап отыр. AIBA кандидаттан құжаттарды 23-қыркүйекке дейін қабылдау туралы шешім шығарған-ды. Ал Швейцарияның заңы бойынша 23 қыркүйек күнтізбеде жексенбі болып көрсетілген. 24 қыркүйек күні AIBA тарапы қазақстандықтың құжаттарын рәсімдеуден бас тартқан еді.
– Маған президенттікке үміткер атануға мүмкіндік беріліп отыр. Енді Президиумды ұтып алу үшін бар күшімді саламын. Бұл істі өзім үшін емес, біздің боксшылардың құқығын, олардың Олимпиададағы арманы мен үмітін қорғау үшін істегім келеді. Бұл міндетке үлкен жауапкершілікпен қарай отырып, 3 қараша күні Мәскеуде өтетін сайлауды асыға күтемін. АИБА-ның жарқын болашағы үшін қауымдастықтың барлық мүшелерінен менің кандидатурамды қолдауды өтінемін, – дейді Серік Қонақбаев.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support