- Advertisement -

Биыл Ойқарағай кеніші 35 мың тонна көмір өндірмек

86

- Advertisement -

Биыл Ойқарағай кеніші 35 мың тонна көмір өндірмек

НАРЫНҚОЛ. ҚазАқпарат —  Биыл Алматы облысындағы Ойқарағай көмір кеніші 35 мың тонна қатты отын өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Райымбек  ауданындағы Ойқарағай кеніші 20 жылдан бері өңір тұрғындарын көмірмен қамтамасыз етіп келеді. Өткен ғасырдың 30-жылдарында геологтар бұл жерден алтын іздейміз деп барлап, қоңыр көмірге тап болған. Бұл отынның сапасы еліміздің өзге аймақтарында өндірілетін көмірден кем түспейтінін айтады мамандар. Ойқарағай кен орны теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте орналасқан. Қоңыр көмірдің болжамды қоры — 70 млн тоннадан асады.

«Өзімізге келісімшарт бойынша берілгені — 3 млн тонна. 25 жылда біз осы 3 млн тоннаны игеріп, халыққа жеткізуіміз керек», — дейді  серіктестік директорының орынбасары Олжас Ботабеков.

Кен орнында 30-дан астам адам тұрақты еңбек етеді. Бұдан бөлек, жүк көлігі бар ағайын халыққа көмір тасып табыс табуда. Сондай-ақ Райымбек және Кеген аудандарының әлеуметтік нысандары түгелдей осы қатты отынмен жылытылады.

«Кішкентай ғана шоғы қалса, ары қарай жана береді. Күлі аз, қызуы күшті. Көп отбасылар күлін далаға төкпей, бау-бақшаларына тыңайтқыш ретінде пайдаланады», — дейді Сарыбастау ауылының тұрғыны Ержан Молдахметов

 Көмірдің құрамында зиянды заттар болмағандықтан қатты отын кәуап әзірлеушілердің де кәдесіне жарап жатыр. Еліміздің оңтүстігінен жылда арнайы келіп, алып кетеді дейді жергілікті тұрғындар.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support